Калифорнияда ойын-сауық кешінде ажал құшқандар саны 24-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында қоймада өтіп жатқан музыкалық ойын-сауық кеші барысында тұтанған өрттің салдарынан қаза болғандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Окленд округі шериф басқармасының өкілі  Аламеда Рэй Келли жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында:«Біз 24 адамның денелерін таптық», - дей отырып, бұл сан артатынын меңзеді. Оның айтуынша, өрт сөндірушілер қойма ғимаратында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Жалынның шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Жексенбі күні NBC арнасы қаза болған 10 адам туралы хабарлаған болатын. Ал жергілікті билік қайғылы оқиғадан 9 адам мерт болып, 25-тен астамы із-түзсіз жоғалғандығын айтты. Аламеда Рэй Келли құрбандардың саны артатынын ескерткен болатын. «Біз қаза болған адамдардың 30-дан 40-қа дейінгі санын болжап отырмыз», - деді ол.

Еске салайық, өрт жергілікті уақыт бойынша сенбіге қараған түні Оклендтің 31-інші авенюында түнгі клубтың қойма ғимаратында орын алды. Полицияның есебінше, оқиға кезінде ғимаратта 50-ден 100 адамға дейін болған. Онда орындаушы Golden Donna-ның концерті өтіп жатқан. Оклендттің өрт сөндірушілерінің жұмысы туралы айтып отыратын бейресми твиттер-аккаунтта жазылғандай, жалын шатыр арқылы ішке ене бастағанда құтқарушы командалар ғимараттан дереу шығарылған. Округ шерифінің бағалауынша, бұл 1989 жылы болған жер сілкінісінен кейінгі адам өлімі бойынша ең ірі оқиға. Ол кезде 63 адам көз жұмып, 3700-ден астамы зардап шеккен болатын.   

Соңғы жаңалықтар