Қаланың ескі бөлігін назардан тыс қалдырмаймыз - Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жалпы қалалық сенбілік өтті. Оған қала әкімі Әсет Исекешев те қатысты. Оның айтуынша, елордада ағаштар көптеп отырғызылатын болады. Осы жолы да мыңдаған көшет егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біз қаланың ескі бөлігінде орналасқан 19 саябақты абаттандыруды бастадық. Ол жерде балалар ойнайтын алаңдар, спорттық тренажерлар болады. Сосын Президент қаланың ішінде жасыл желекті көбейтуді тапсырды. Бұдан бөлек, қала сыртындағы жасыл белдеуді де қосу қажет. Осының арқасында климатты барынша жақсартуға болады. Біз жыл сайын отырғызатын ағаш көшеттерінің санын арттыратын  боламыз», - дейді Исекешев.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілік кезінде шамамен  6 750 ағаш отырғызылды. Шара аясында «Таза өзендер!» экологиялық акциялары ұйымдастырылып, Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады.  Жалпы, Астанадағы көктемгі экологиялық айлық аясында 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Біз - таза қала үшін!» жалпықалалық сенбіліктерді өткізу көзделіп отыр.

Бүгін ҚазАқпарат тілшісі депутаттардың сенбілігін көріп қайтты.  Сол жерде халық қалаулылары сенбілікті асармен  алмастыру бастамасына қатысты өз ойларымен бөлісті. 

Соңғы жаңалықтар