Кəсіпкерлердің жекешелендіруге қатысты арызы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасының кəсіпкерлер құқығын қорғау мен жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің кезекті отырысында депутаттар бизнес пен квазимемлекеттік сектор арасындағы мəселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік сатып алулар саласында, əсіресе, квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларға қатысты көп арыз түседі. Сондай-ақ, жекешелендіру  мəселесі де өзекті қалпында. Мемлекет басшысы өз Жолдауында  мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі үлесін 15 пайызға дейін азайту керек деген болатын. Бірақ, Палатамызға кəсіпкерлерден жекешелендіруге қатысты арыздар түсіп жатыр», - деді кеңес отырысында Мəжіліс депутаты Кеңес Əбсəтіров.

Депутаттың айтуынша, жекешелендірудің негізгі мақсаты - бизнестегі мемлекеттің үлесін азайту. «Ал бізде қалай? Алдымен белгілі бір кəсіпорын жекешелендіруге шығарылады. Кəсіпкер ол кəсіпорынның 51 пайызын сатып алады, қалған 49 пайызын квазимемлекеттік секторда қалады. Сосын, квазимемлекеттік сектор бизнесті «тұншықтыра» бастайды», - дейді депутат.

Жалпы, кеңеске қатысқан тараптар квазимемлекеттік сектордың бизнеске араласуын азайтып, жекешелендіру процесіндегі квазимемлекеттік сектордың араласпауын бақылаймыз деген пайымға келді.

Соңғы жаңалықтар