Итін өлтірген үшін кектенген қытайлық 9 көлікті өртеп жіберді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Цзилинь провинциясы Чанчунь қаласының тұрғыны итін көлік басып кеткен соң тоғыз көлікті өртеп жіберді, деп хабарлады «Чжунго цзилинь ван» сайты.

Бұл оқиға қалада 30-ынан 31 наурызға қараған түні орын алды. Полицейлер қолында екі оттығы бар әйелді ұстады.

Жергілікті полиция өкілі Ван Ян хабарлағандай, күдікті өзі тұратын ауданда «оның итін ақ көлік басып кеткеннен кейін» осындай қадамға барғанын айтты.

Сайт жариялаған суреттерде өртелген көліктердің барлығы ақ түсті екені байқалады.

Соңғы жаңалықтар