Италиялықтар Жетісудың табиғатына таңдай қақты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық паркінің табиғаты италиялықтарды таң қалдырды. Шетелдік туристерді әсіресе, Айқайқұмның табиғи дауысы ерекше әсерге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Қазір осы аймақта 11 Италия азаматы жүр. Олар жалпы Қазақстан жайлы 2015 жылы Миланда өткен «ЭКСПО» көрмесі арқылы біліпті.

«Сол көрмеде ЭКСПО-ның 2017 жылы Қазақстан елінде өтетінін білдім. Өзім Италиядағы туристік агенттікте жұмыс істегендіктен бірден Сіздердің елдеріңіздің аты жазылған жерге суретке түсіп, халықаралық көрменің келесі жолы осы елде болатынын әлеуметтік желі арқылы жарияладым. Жалпы Қазақстан және оның табиғаты жайлы ақпараттарды ақтара бастадым. Қызығушылық танытқандар көп болды. Міне бүгін сол ЭКСПО көрмесінің арқасында біз қазақ еліне келдік», дейді италияндық Джаммарко Лупини.

null 

Туристерді әсіресе «Айқайқұмның» ерекше құбылысы қатты таңғалдырды.

«Барша туристерге айтар кеңесім бар. Егер Айқайқұмның ерекше табиғи құбылысын көргілеріңіз келсе, міндетті түрде шыңына шығу керек. Біз 150 метр биіктікті бағындырдық. Құмнан шыққан дүріл дауысты бірінші рет естіп тұрмыз. Әсер керемет», дейді турист Даниела Джордани.

null 

Италиялықтар қазақ еліне алғаш рет келіпті. Әсіресе, қазақтардың қонақжайлылығына ерекше тәнті. Олар, осы «Алтынемел» паркін толықтай аралап болғаннан кейін, Шарын шатқалында саяхаттарын жалғастырмақ. Ал қазақ еліндегі сапарларын елорда төріндегі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, аяқтаймыз дейді.

null 

Қазір «Алтынемел» паркіне шетелдіктер көптеп келіп жатыр. Соның бірі - словениялық Алес Овен. 32 жастағы ол Жетісудың табиғатын көру үшін Қазақстанға арнайы келген. Қазір жалғыз өзі ұлттық паркті тамашалауда. Ерекше әсерге бөлендік деген туристер Қазақстанға тағы келмек ойлары бар.

null

Айта кетейік, биылғы жылдың 12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтіп, онда еліміздің «Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді.

Соңғы жаңалықтар