Испания ауруханасында лифтте қалып қойған әйел мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстігіндегі Севилье ауруханасында әйел адам лифтте болған жантүршігерлік апаттың құрбанына айналды, деп жазады ресейлік newsday24.ru.

Аталмыш сайттың хабарлауынша, әйел осы ауруханада емделіп жатқан, ал медицина қызметкерлері оны зембілмен бір қабаттан екінші қабатқа жеткізбек болған. Медиктер әйелді екінші қабаттан лифтке кіргізбек болғанда лифт өздігінен жүріп кеткен. Бұл уақытта зембілдің жартысы лифтке кіріп, қалған бөлігі кіріп үлгермеген.

Осылайша лифт емделіп жатқан әйелді екіге бөліп тастады. Кезекші дәрігерлер оған көмек көрсетуге тырысқанымен одан еш нәтиже шықпады. Өйткені әйелдің жарақаттары тым ауыр болатын, деп жазады Sunday Express.

Қайғылы жағдай жексенбі күні күндіз болған. Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар