Исландияда бір мүйізді қошқар табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Исландияда бір мүйізді қошқар пайда болды, деп жазды  Iceland Monitor басылымы.

Жануардың иесі  Эрлы Тори Олафсдоттирдің айтуынша, оның мүйіздері бірігіп өскен. 

Түрі ерекше болғандықтан бақташылар оны бастапқыда ешкі деп ойлаған. Округте тұратын фермерлер Эйнхирнингур аты берілген ерекше қойды көру үшін Олафсдоттирге жиі келеді.

 «Мүйіз оның бетін, әсіресе көз жағын  жоғары тартып тұрады. Сондықтан да оның түрі ерекше көрінеді», - дейді жануардың иесі.

Соңғы жаңалықтар