Ішкі нарықты бензин және көмірмен қамтамасыз ету Елбасының жіті бақылауында - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі нарықты бензин және көмірмен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының жіті бақылауында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен және көмірмен қамтамасыз ету мәселесін Мемлекет басшысы өзінің жіті бақылауында ұстап отыр. Кеше Президент Қанат Алдабергенұлын (ҚР Энергетика министрі Бозымбаев) Ақордада қабылдаған кезде де жауапкершілікті ескертіп, бізге тапшылыққа жол бермеу жөнінде тиісті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Осыған байланысты Қанат Алдабергенұлы, көмір және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жұмысты әкімдіктермен бірігіп жүргізіңіз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар