Ішкі істер органдарының ардагерлері ұлықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күніне орай қызылордалық полицейлер ішкі істер органдары ардагерлерін ұлықтап, мейрамханада мерекелік түскі ас берді.

Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында Ішкі істер департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Меңдіғалин  сөз алды. Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік, тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарды мерекелерімен құттықтап, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өсіп келе жатқан жастарды тәрбиелеуде зор үлес қосып келе жатқан ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Қызылорда ОІІД жанындағы Ардагерлер кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуантбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қарттарды ұлықтауға бағытталған  болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Шара барысында ардагерлер өмірден озған қызметтес достарын, үзеңгілес әріптестерін еске алып, әруақтарына құран бағыштады. Әсіресе, осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып жүретін Ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Пейсов Мылтықбай Пейсұлының аты зор құрметпен аталды.

Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ардақты ардагерлердің құрметіне әндер айтылып, билер биленді. 

Соңғы жаңалықтар