Исекешев барлық қалалық қызметтерді күшейтілген режімге көшірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 526 техника Астана көшелерін таңғы сағат 7-ге дейін тазалайтын болады.

Бұл туралы Facebook-те елорда әкімі Әсет Исекешев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режіміне көшті», - деп жазды Исекешев.

Қала басшысы әлеуметтік желіні пайдаланушылардың сауалдарына жауап бере келе, көшедегі тазалық пен қозғалысты қамтамасыз етуге - әкімдік, ал тұрғын үйлердің аулаларына Пәтер иелері кооперативі жауап беретіндігін айтты.

Әкім қала тазалығына сондай-ақ, техникалармен бірге адамдар да жұмылдырылғанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар