Ирландияда дауылдан кейін жағажайдан ежелгі адам қаңқасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уэксфорд графствосының тұрғындары апта басында тұтас Ирландияны қамтыған «Офелия» дауылынан кейін жағажайда серуендеп жүріп, адам қаңқасынвң бөліктерін тауып алды. 

Бұл жайлы бейсенбі күні Irish Times газеті хабарлады.

Жергілікті антропологтар табылған сүйекке сараптама жасап, олардың темір дәуірі кезеңіне - біздің э.д 4-5 ғасырларға тиесілі екенін анықтады.

Полиция сарапшылар тобының  қалған сүйек бөлшектеріне іздеу жұмыстарын жүргізуі үшін  Форлорн поинт жағажайының бөлігін қоршауға алды.

Адам сүйегінің нақты қай бөлігі табылғаны жайлы мәлімет жарияланбай отыр. Барлық табылған сүйек бөлшектері алдағы уақытта сараптама жасалуы үшін Ирландия ұлттық музейіне өткізіледі. Аталған адам қаңқасы - сол уақыттарда Ирландияны мекен еткен тайпалар өлгендерді кремациялағандықтан сирек кездесетін олжа болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар