Иранда мұнайшы-миллиардер өлім жазасына кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Жоғарғы соты мұнай магнаты Бабак Занджаниға өлім жазасының тағайындалу заңдылығын қуаттады. 

Иранның ең бай адамдарының бірі екі миллиард еуроны талан-таражға салды деп айыпталуда. Бұл туралы елдің Жоғарғы сотының өкілі Голам Хоссейн Мохсени-Эджей мәлім етті.

Қазіргі уақытта олигарх Тегерандағы «Эфин» түрмесінде отыр. Сот қаулысына сәйкес, ол дарға асылатын болады, деп хабрлайды IRNA агенттігі.

Миллиардер 2013 жылдың 30 желтоқсанында тұтқындалған болатын. Оған елге мұнайдан түскен табыстың екі миллиард еуросын жымқырды деген айып тағылды. Үш жылдан кейін Иран билігі Занджаниді қазынаны тонады және алаяқтық жасады деп таныды.  

Бабак Занджани Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан Иранның ең ірі конгломераттарының бірі Sorinet Group компаниясының басқарушы директоры болған. Сондай-ақ ол Qeshm Airlines авиакомпаниясын және Рах Ахан ирандық футбол клубын басқарды.

42 жастағы бизнесменнің байлығы 14 млр.долларға бағалануда. 

Соңғы жаңалықтар