Иран Трамптың мәлімдемесінен кейін ядролық мәміледен шығуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің мәлімдеуінше, егер АҚШ республикаға қарсы санкцияларды қалпына келтіретін болса, Иран 2015 жылы шілде айында қол жеткізілген уағдаластықта қарастырылған Бірлескен іс-қимыл жоспарынан (БІҚЖ) шығуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Минстрдің мәлімдемесін жексенбі күні Bloomberg агенттігі жариялады.

«Егер Иран қарсы тараптың санкцияларды алып тастауға қатысты қабылдаған әрекеттері Ислам Республикасы үшін жеткіліксіз екенін сезсе, еліміз бірнеше әрекеттерді қолдануға мәжбүр болады, олардың біреуі - ядролық келісімнен шығу», - деп мәлімдеді Зариф.

Зарифтің айтуынша, егер санкциялар Иран үшін аса маңызды салаларға, соның ішінде мұнай саудалауға және әуе кемелерін сатып алуға салынса, онда Тегеран «ядролық мәмілеге қатысуы бойынша шешім қабылдауға құқылы».

Жұма күні Трамп Иранға қатысты Вашингтонның жаңа, аса қатаң стратегиясын баяндады. Оған сәйкес, Құрама Штаттар Иранның «тұрақсыздандыратын ықпалына» қарсы және халықаралық қауымдастықты Ислам революциялық қорғау корпусына (ИРҚК, Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімдері) қысым жасау үшін бірігуге шақырады.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Тегеранның ядролық бағдарлама туралы келісімнің орындалуын растаудан бас тартып, оған өзгерістер енгізуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар