Иран президенті Роухани екінші мерзімге сайлауға түседі

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат  -   Иран президенті Хасан Роухани екінші мерзімге сайлауға түседі.   ИСНА агенттігінің ақпаратына сәйкес ол 19 мамырда өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін ИИР ІІМ-ге келді. 

 Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ирандық реформаторлар қолдайтын Роуханидің президенттік бәсекеде жеңуіне барлық  мүмкіндіктер бар. Оған  Иранның революциялық күшінің ұлттық майданы консервативтік партия альянсынан кандидат Эбрахим Раиси бәсекелес бола алады.

  Иранның төрт бұрынғы президенттері -   ИИР қазіргі көшбасшысы аятолла Али Хаменеи (1981-1989 жылдары президент болған), Әли Акбар Хашеми-Рафсанджани (1989-1997), Мохаммад Хатами (1997-2005) және Махмуд Ахмадинежад (2005-2013) - өзгеріссіз екінші мерзімге қайта сайланды.   

Иран Конституциясында Президентті үш мерзімге сайлауға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар