Иран мен түркі халықтарының тарихи байланысы жайлы кітап оқырманға жол тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Көрме» орталығында «Олжас кітапханасы» баспа үйі жарыққа шығарған «Иран және Дешті Қыпшақ халықтарының рухани-тарихи байланысы» жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дешті Қыпшақ дегенде біз ХІ ғасырда Насир Хусрави «Дешті Қыпшақ» деп атап кеткен, аса үлкен аумақты иеленген түркі халықтары туралы айтамыз. Бұл атау георафиялық және тарихи тұрғыда өте танымал термин. Біз мінекей, сегізінші рет Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Шығыстану институтымен бірлесе отырып, Иран ғылыми мекемесінің көмегімен «Иран мен Орталық Азия халықтарының рухани әрі тарихи байланысы» атты халықаралық конференция өткізіп отырмыз. Конференцияға қазақстандық және ирандық, Орталық Азия және Ресейден келген ғалымдар қатысуда. Бұл орыс тілінде шығып отырған кітаптың соңғы томы. Оған белгілі ғалымдардың, атап айтқанда Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының академигі Али Колесниковтың еңбегі енгізіліп отыр», - деді қазақстандық шығыстанушы, әдебиетші, жазушы Сабир Абдулло кітапты таныстыра отырып.
null

Оның айтуынша, Али Колесниковтың VII ғасырда Орталық Азия мен Иранда өмір сүрген христиандар туралы еңбегі жинақты толықтырған. Сонымен бірге, кітапқа Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің профессоры Рустам Шукуровтың жазған жазбалары, қазақстандық ғалым Әділет Камаловтың соғдылар мен түркілердің байланысы туралы еңбектері кіргізілген.
null

Сабир Абдулло сонымен бірге, тұсаукесер барысында Тегеран университетінің профессоры Ахмад Хатамидің филология ғылымдарының кандидаты Айнаш Сеитованың тәржімасындағы «Қазіргі иран әдебиеті» (қазақ тілінде) атты кітабын таныстырды.
null

Соңғы жаңалықтар