Иран апатқа ұшыраған ұшақ қалдықтарының табылғандығын растады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Асеман әуекомпаниясы Иранда апатқа ұшыраған ұшақ сынықтарының табылғаны жөніндегі мәліметті сейсенбі күні растады, деп хабарлайды ИРНА  агенттігі. 

Ислам революциясы сақшылары корпусының баспасөз хатшысы Рамазан Шариф бүгін ATR ұшағы қалдықтарының табылғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, әуе апаты Исфахан провинциясындағы Семир қаласына таяу маңда, Ясудж әкімшілік орталығынан 22 шақырым жерде болған.

Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысындағы Ясудж қаласына ішкі рейсті орындаған.

Ирандық БАҚ хабарлауынша,  бортта 60 жолаушы мен екі ұшқыш, екі жолсерік және екі күзетші болған.

Соңғы жаңалықтар