Ирактың сенімді өкілі Қазақстандағы тыныштық пен ұлтаралық татулыққа қызықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстандағы Ирактың істері бойынша сенімді өкілі Юнус Салим Сархан мырзаны қабылдады.

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде екі елдің рухани-мәдени салалардағы ынтымақтастығы туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісім жайы кеңінен сөз болды. «Кейбір елдердегі қақтығыстарды көріп, көпұлтты Қазақстанның тыныштығы мен ұлттар татулығының қадірін терең түсінемін. Қазақстандағы тұрақтылық, бұл - Алланың үлкен сыйы. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында күн санап көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Бұған күн сайын көз жеткізіп келемін», - деді Салим Сархан.

Бас мүфти әлемдік тыныштық пен татулықты сақтауда дін қайраткерлерінің рөлі айрықша екенін жеткізді. Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі діни тұрақтылық пен рухани келісімнің нәтижесінде Ислам діні дамып, насихат жұмыстары жанданып келе жатқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар