Ипотеканың мөлшерлемесі төмендеуі тиіс - ипотекалық компания

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ төрағасы Әділ Мұxамеджановтың ойынша, алдағы уақытта ипотекалық несиелердің мөлшерлемесі түсуі керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді, ипотекалық нарықта қандай өзгерістердің болатынын дөп басып, айту керек. Оны Сіз де, біз де айта алмаймыз. Дегенмен, қазіргі ипотеканың ставкалары түсуі керек деп ойлаймыз. Себебі бүгінгідей мөлшерлемемен экономикаға үлкен салмақ түседі. Оны бәріміз жақсы түсінеміз», - деді Ә.Мұxамеджанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кеткен жөн, бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстанның ипотекалық компаниясы тұрғын үй займдарын субсидиялайды. Несие алушы үшін соңғы әрі нақты мөлшерлеме 10 пайыз болады, қалғаны мемлекеттің тарапынан өтеледі. Биыл субсидиялау бағдарламасы басталғалы бері 1 209 өтінім келіп түскен. Келесі жылы екінші деңгейлі банктер арқылы тағы 7 мыңға жуық арзан ипотеканы беру жоспарланған. Жалпы, барлық займдарды субсидиялауға 120 млрд теңге жұмсалады.

«Осы адамдардың барлығын субсидиялағаннан кейін ипотеканың мөлшерлемесі де төмендеуі мүмкін. Олай болмаса, қазіргі бағдарламаны ары қарай жалғастыратын боламыз», - деп атап көрсетті компания басшысы.

Соңғы жаңалықтар