Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми өкіл министрліктің, оның комитеттерінің және министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықты ақпараттандыруға белсенді атсалысатын болады»,-деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, Мұрат Жұманбай бес жылдан астам уақыт ҚР Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз-орталығын басқарды. Екі жылдай ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар