Интернет арқылы алаяқтық жасаған қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Колёса» сайты тұтынушыларын алдаған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен.

Арам пиғылын жүзеге асырмақ болған күдікті 16 қазанда ұсталды. Ол ақпараттық технологиялар саласында 20-дан астам алаяқтық іс жасаған 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. 

«Күдікті «Колеса» сайтына төмен бағалармен автобөлшектер сату туралы хабарландыру берген. Оның осы ісіне Қазақстанның сегіз өңірінің (Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау облысы, Алматы) тұрғындары алданған. Ол сайтқа хабарландыру іліп, содан соң адамдармен хат жазысқан. Олардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша төлемін сұрап отырған»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Осылайша, алданған сайт пайдаланушылары бөгде адамның есеп-шотына ақша аударып келген. Белгілі болғандай, ұсталған азамат осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның келтірілген залал сомасы есептелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар