Индустрияландыру: Астана әкімдігі бірқатар меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайтын бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды елора әкімдігінің медиа орталығы.

Атап айтқанда, Астана қаласында дайын дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық заттарды өндіруге арналған өндірістік кешен құрылысы жобасын жүзеге асыру үшін  «Астана Фарм биосинтезис» ЖШС-мен келісім 500 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді деп жоспарланған.

Астана қаласының инвестициялық даму басқармасының басшысы Әлішер  «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС-мен медициналық жабдықтарды шығару зауытын салу жобасы қосымша 200 жұмыс орнын ашады деп көзделіп отыр.

Сондай-ақ дәрілік заттарды өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру үшін «Eira Med» ЖШС-мен және серпімді титан импланттарын өндіру зауытын салу жобасын жүзеге асыру үшін «Новые инжиниринговые технологии KZ» ЖШС-мен келісім жасалды.

Жалпы, 2018 жылы іске асыруға жоспарланған жобалар қатарында Астана қаласында дайын дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысы жобасы бар. Осы жоба бойынша Астана қаласы әкімі мен  «ERG S.a.r.l.» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы арасында бірлескен құжат/меморандумға қол қойылды. Жоба GMP стандартының қазіргі заманғы халықаралық талаптарына сәйкес келетін, ішкі нарықта да, ЕЭО және ЕО елдерінде де ұсынысқа ие болатын өнімдерді өндіретін, Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібінде жаңа жоғары технологиялық өндірістік кешенді құруды көздейді. Инвестициялардың көлемі 90 млрд. теңгеден асады.

Жалпы алғанда, инновациялық шешімдерді қолдана отырып бірлескен жобаларды іске асыру, болашақта отандық фармацевтика деңгейін әлемдік деңгейге көтеретін және шетелдік дәрі-дәрмектер өндірушілермен табысты бәсекелесуге мүмкіндік беретін, Астана қаласында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп кластерін құруға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, инновация саласын дамыту мақсатында келесі екіжақты құжаттарға:

-  Астана қаласындағы Smart жобалары мен NIBIoT және LPWAN технологиялары Интернет желісі (IoT) саласында Smart City жобасының аясында «Nokia Networks Kazakhstan» компаниясымен;

-  Интеллектуалды үй технологиясын бірлесе сынақтан өткізу бойыншан BI Group компаниясымен қол қойылды.

Салауатты өмір салтын насихаттау және спорт индустриясын дамыту мақсатында Астана қаласында «10» фитнес-орталықтар салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін «Бар-клуб третий тайм» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар