Индонезия полициясы президентке жасалған қастандықтың алдын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия полициясы дүйсенбі күні Батыс Ява провинциясында президент Джоко Видодоға қастандық жасауға дайындалуға күдікті 31 жастағы ер адамды ұстады. 

Бұл жайлы сейсенбіде The Straits Times газеті хабарлады.

Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, ер адам 19 қыркүйекте мемлекет басшысы келуі тиіс Сиребон қаласының әуежайындағы тікұшақ алаңына жақын жерде ұсталған. Аты жария етілмей отырған күдіктіден өртегіш қоспамен толтырылған бес бөтелке табылған.

Алдын ала тергеу амалдары кезінде күдіктінің ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланысы бар жергілікті экстремистік топтардың біріне кіретіні анықталған. Арнайы қызметтер бұл экстремистік топты Индонезияда таяуда болған бірнеше лаңкестік әрекеттерге жауапты деп санайды.

Соңғы жаңалықтар