Ілияс Жансүгіровтің төлқұжатының түпнұсқасы музейге тапсырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облыстық ІІД қызметкерлері Ілияс Жансүгіров туралы құнды құжаттарды ақынның Талдықорғандағы әдеби-мемориалдық музейіне табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Қазақ елінің зиялысы, ақын Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында халық жауы деп қудаланған қаламгер 1937 жылы тұтқындалды. Ал 1938 жылдың ақпанында ол ату жазасына кесілген болатын.



Музейге берілген заттардың арасында ең құндысы ретінде Ілияс Жансүгіровтің паспортының түпнұсқасын атап өтуге болады. Төлқұжат оған 1936 жылы Алматы қаласында беріліпті. Мұнан бөлек, ақынды қамауға алған кезде алдынан және қырынан түсірілген суреттер де бар.

Алматы облыстық ІІД ақпаратттық-сараптама орталығы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жанар Тұрғанбекованың айтуынша, ақын шығармашылығы - тарих. Ал оның атымен байланысты заттар өткеннен сыр шертетін мол мұра. Сондықтан бұл мұра тиісті орында сақталуы керек.

Анықталғандай, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше жыл бұрын репрессияға ұшыраған азаматтардың көп құжаттарын полиция құзырына тапсырған. Олардың ішінде Алаш зиялылары туралы сыр шертетін құнды құжаттар бар.

Соңғы жаңалықтар