IBO президенті «Головкин қартайды» дейтіндерге жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымының (IBO) басшысы On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Менің пікірімше, стиль жекпе-жекті жасайды. Кейбір адамдар Геннадий өзінің биігінде емес деп есептейді. Алайда мен олардың қатарында емеспін. Жекпе-жекте Головкиннің қатты соққылары Альвареске тиіп жатты», - деп атап өтті Эд Левин.

«Мен Геннадийдің «Канелоның» бірнеше соққысын өткізіп алғанын байқадым. Кез келген боксшыда мұндай соққылардан кейін проблемалар болады. Бірақ бұл Головкинге қатысты айтылмайды. Геннадий бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол қанша қаласа сонша бокстаса алады, өйткені ол талантты», - деді Левин.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Головкин Альвареспен жұдырық түйістіріп, төрешілердің шешімімен тең түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар