Хорватия астанасында латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватиядағы Матья Губица атындағы Загреб мектебінде қазақ тілінің қазіргі заманғы дамуына және Қазақстанда латын әліпбиін бекітілуіне арналған мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хорватиядағы Қазақстан Елшілігі Халықаралық ана тілі күні аясында мектептің студенттері мен оқытушылары үшін «Латын әліпбиіндегі қазақ тілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен бірге Абай Құнанбаевтың поэмалары мен Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерінің тұсаукесері мен Қазақстанның жетістіктері туралы бейнеролик көрсетті.
null 

Іс-шара барысында қазақ ауыз әдебиетінің ерекше дәстүрлері - ақындардың өнері, ең бай фольклоры мен эпосы, сондай-ақ жарқын әдеби, ақындық және философиялық мұрасы атап өтілді. Бұл тұрғыда Қазақстан басшылығының ана тілін және мәдениетін сақтау, оны дамыту жөніндегі қабылданған шараларының маңыздылығы баса айтылды.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жүзеге асырылуы және қазақ әліпбиін латын әрпіне көшіру Қазақстанның лингвистикалық, мәдени және рухани дамуын жаңа дәуірге шығаратыны туралы айтылды.

Айта кетейік, Халықаралық ана тілі күні 1999 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен жарияланды және жыл сайын 21 ақпанда әлемдік тіл және мәдени дәстүрлерін дамыту мақсатында аталып өтіледі.
null 

Соңғы жаңалықтар