Хоккейден Қазақстан құрамасы ТОП-дивизионға ене алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы соңғы матчында мұз айдынында Оңтүстік Корея мен Украинаның командалары кездесті, деп хабарлайды Sports.kz .

Бірінші жиырма минутта шайбалар соғылмады. Екіншісінде командалар голдармен алмасты, ал үшінші жиырма минут тағы бір қалыпты өтті. Овертайм нәтиже әкелмеді, ал буллиттер сериясында кәрістер мықтырақ болды - 2:1.

Осылайша, кестенің бірінші орнына 12 ұпайы бар Австрия орналасты.Оңтүстік Корея құрамасы 11 ұпай иеленіп, екінші орынға жайғасты. Қазақстанның да осынша ұпайы бар. Бірақ, кәрістер жеке кездесудегі жеңістің арқасында бір саты жоғары тұр. 

Соңғы жаңалықтар