Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Италиядан жеңіліп қалды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші дивизион арасында Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтар кезекті кездесуін Италия құрамасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері үшін италиялықтар осы турнирдегі басты қарсыластарының бірі болатын.

Матчты қарқынды бастаған италиялықтар бірінші кезеңде 2:0 есебімен алға шықты. Гол авторлары - Петер Хоккофлер мен Диего Костнер.

Екінші кезеңде Шон Макмонагл есепті 3:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңде ештеңе өзгере қойған жоқ.

Қазақстандықтар кездесу барысында сан басымдылығына ие болған сәттерде де қақпа кілтін таба алмады.

Осылайша 3:0 есебімен ұтып кеткен Италия құрамасы турнир кестесінде қазақстандықтарды қуып жетті. Енді олардың еншісінде де алты ұпай бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының екі мәрте қатарынан ірі жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. Енді элиталық дивизионға берілетін екі жолдаманың біріне ие болу үшін қазақстандықтарға қалған екі кездесуін жинақы да жігерлі өткізу қажет-ақ. Ғ.Мәмбетәлиевтің шәкірттері 27 сәуірде Словениямен, соңғы, 28 сәуір күні Польша құрамасымен ойнайды.  

Соңғы жаңалықтар