Хоккей: «Торпедоның» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубының жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Торпедо» плей-офф кезеңінен сүрінбей өткен болатын.  Енді олар Түменнің «Рубин» хоккей клубымен сайысқа түседі.

Өскемендіктер жартылай финалдың алғашқы екі кездесуін 28-29 наурыз күндері өз айдынында өткізеді. Келесі екі матч 1 және 2 сәуір күндері Түменде жалғасады. Егер бұл кездесулер жеңімпазды анықтамайтын болса, онда 5, 7 және 9 сәуір күндері ойындар сериясы жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар