Хоккей: Доустың дублі «Барысты» жеңіске жетеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» клубы өз алаңында Челябі қаласының «Трактор» командасын қабылдап, плей-оффтың кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Бұл ойында төрт бірдей шайба соғылды. Бірінші кезеңде «Трактордың» хоккейшілері бір шайбамен алға шықса, екінші кезеңде «Барыс» таразы басын теңестірді. Астаналық клубтың шабуылшысы Найджел Доус команданың сан жағынан басымдығын пайдаланып, қарсыластар қақпасына бір шайба соқты. Ал үшінші кезеңнің басында Доус дубльдың авторы атанды. Найджел бұл шайбаны тең құрамда соғып, өз командасын алға шығара білді. Ал ойынның соңында «Трактордың» бапкері қақпашыны алып тастап, алтыншы хоккейшіні шығарып көрді. Алайда «Барыс» осы мүмкіндікті пайдаланып, тағы бір шайбаны салып кетті. Корри Тривино бос тұрған қақпаға үшінші шайбаны тоғытты. Қорытынды есеп - 3:1.

null  

Осымен жалпы есеп 2:1 болып тұр. Плей-офф ережелеріне сәйкес, команданың біреуі төрт жеңіске жетуі тиіс. Осы ойыннан кейін «Барыстың» қоржынында екі жеңіс бар.    

null null 

Соңғы жаңалықтар