Хоккей: «Айсұлу» командасы Қазақстан чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шайбалы xоккейден қыздар арасында ел чемпионы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке сүйенсек, кеше «Томирис» - «Торпедо» және «Айсұлу» - «Горняк» командалары кездесті.

Бірінші жұптан астаналық «Томирис» үздік шығып, күміс жүлдені олжалады. Ал екінші матчта «Айсұлу» қарсыластарын 15:0 есебімен ойсырата ұтып, ел чемпионы атанды.

Айта кетсек, алматылық «Айсұлу» командасының ойыншылары хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізін құрайды. Сондай-ақ, Александр Мальцевтің шәкірттері - Қазақстанның 13 дүркін чемпионы. 

Соңғы жаңалықтар