ХҚКО орталықтарында техникалық ақауға байланысты қызмет көрсету тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ХҚКО орталықтарының біріктірілген жүйелеріндегі техникалық ақауларға байланысты республика бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарындағы қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта біріктірілген жүйелердегі техникалық ақауларға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкін болмай тұр» делінген «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ-ының Инстаграмдағы парақшасында.

Жүйе жұмысына жауапты  «ҰАТ» АҚ мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

«Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ «бір терезе» арқылы 400-ден астам мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады. 

Соңғы жаңалықтар