Хирургтер науқастың ішінде дәкені ұмыт қалдырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Подмосковьеде  хирургтер науқастың ішінде 14 см дәкені ұмыт қалдырған. 

Бұл туралы  LIFE порталы хабарлады.

  40 жастағы  Ольга Белобоцкаяға отаны  Кашир қаласындағы Орталық аудандық ауруханада жасады. Осыдан кейін әйел сегіз ай бойы іші ауыратынына шағымданған. Алайда дәрігерлер себебін таба алмаған. Дәкенің қалып қойғанын Мәскеудегі М. Владимировский атындағы клиникалық институттың мамандары тапқан және осы медициналық мекемеде әйелге ота жасап, дәкені алып тастады.     

 Белобоцкая  хирургтерді сотқа беруді көздеп отыр.  

Соңғы жаңалықтар