ХҒС-51/52 экипажы Байқоңырдан ұшуға әзірленуде

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағы келесі аптада Халықаралық ғарыш стансасына аттанатын 51/52 экипажын күтіп алуға әзірленуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығының  баспасөз орталығынан хабарлағандай, Жұлдызды қалада ХҒС-51/52 ұзақмерзімді экспедиция экипаждарының кешенді емтихандық жаттығулары аяқталады.

3 сәуір күні ҒДО-да Байқоңыр ғарыш айлағында ұшу алдындағы дайындықты жалғастыру бойынша экипаж ұсыныстары туралы шешім қабылданатын Ведомтсвоаралық комиссия отырысы мен ғарышкерлер мен астронавтардың қатысуымен ұшу алдындағы баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды Гагарин атындағы ҒДО.

ХҒС-51/52 негізгі экипаждарына Роскосмос ғарышкері Фёдор Юрчихин мен NASA астронавты Джек Фишер кіреді. Экипажды Роскосмос ғарышкері Сергей Рязанский мен NASA астронавты Рэндолф Брезник дубляждайды.

Ұшу бағдарламасына сәйкес, «Союз МС-04»  көліктік басқарылатын кемесін 2017 жылдың 20 сәуірінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар