Халықтың ауылдан қалаға көшкенін тоқтату қажет - сенатор Бектаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Ауыл" партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев "Туған жер" бағдарламасы арқылы урбанизацияны тоқтатуды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Урбанизацияға көп адам табиғи нәрсе ретінде қарайды. Негізінде, біз урбанизация дегенді тоқтатуымыз қажет. Менің ең үлкен үмітім, осы бағдарлама ауылдың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, ел сол жерден көшпейтіндей жағдай туғызады деп ойлаймын. Олай болса, біз сол ауылдың тұрғындарына жағдай жасауымыз қажет, ауылда еңбек ететін жағдай жасауымыз қажет, ауылда жақсы білім алатын мүмкіндік беруіміз керек. Президент ұсынған бағдарламаның түпкі мақсаты осы болады деп ойлаймын", - деді Бектаев бүгін эфирге шыққан "1 студия" бағдарламасында.

Айта кетейік , бағдарламаға депутат Бекболат Тілеуxан да қатысып, жастарға қазіргі жетістіктердің қандай еңбекпен келгенін кеңінен түсіндіру керектігін жеткізді. Ал қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалидің ойынша, бүгінде білім саласында теxнократиялық ұстаным басым болып кетті. Соның салдарынан руxани құндылықтар ұмыт болып бара жатыр. Ал  "Туған жер" бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтыруы қажет.

Соңғы жаңалықтар