Халық банкінде директорлар құрамы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан халық банкі» АҚ-да жаңа директорлар құрамы сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстанның қор биржасына сілтеме жасап. 

«Банктің директорлар кеңесінің құзіреттілік мерзімінің аяқталуына байланысты банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында «Қазақстан халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Александр Павловты, Анвар Сайденовті, Арман Дунаевты, тәуелсіз директорлар ретінде Кристоф Рёль мен Фрэнк Кайларсты, «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ өкілі ретінде Мәжит Есенбаевты, Үміт Шаяхметованы 3 жыл өкілеттілік мерзімімен сайлау туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды KASE.

Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Александр Павлов сайланды.

«Осылайша, корпоративтік басқарудың ең үздік халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, банктің директорлар кеңесіне мүшелікке жеті директор, оның бесеуі - тәуелсіз директор ретінде сайланды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар