Халқымыз ұлы Абайдың өлеңдерімен кеңінен таныс - Қытай Елшісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Пекин Палас» қонақ үйінде қазақтың қолөнер туындыларының көрмесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрме Бейжіңдегі «EXPO-2019» Халықаралық көрмесі мен Қытайдағы Көктем фестиваліне арналған «Open Road» іс-шарасының құрметіне өткізілді. Шара Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Ханьхуэйдің, «Expo & Women» халықаралық ұйымы, этно-дизайн және қолөнерді дамыту комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Көрмеге домбыра, ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген ыдыстарды, күміс пен темірден ұлттық нақышта естелік туындыларды жасайтын қолөнер шеберлері келген. Көрмені тамашалаушылар қолөнер шеберлерінің өнеріне зор ықыластарын білдірді.
null 

«Қазақтың ұлттық қолөнерінің көрмесіне қатысу мен үшін үлкен құрмет. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы тұрғысында Қазақстан қытай халқының арасында ерекше танымал мемлекет болып келе жатыр. Қытайдағы ит жылғы Көктем мерекесін тойлау кезінде түсірілген транслацияда қазақтың ұлттық нақышындағы оюлар үш рет көрсетіліп, халқымыз Ұлы Абайдың өлеңдерімен кеңірек танысты. Өткен жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өткен кезде қазақ қолөнеріне тиесілі былғары суреттер, қабырға кілемдері мен өзге де бұйымдар қытай туристерінің зор қызығушылығын тудырды. Шағын ғана қолөнер туындысы екі елдің байланысын нығайтуда да өз үлесін қосарына күмәнім жоқ», - деді Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй.

Көрме соңы концертке ұласып, қазақ эстрадасында белгілі Жүгінісовтер үштігі әннен шашу шашты.

null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар