Хаиров ханзада Ричардқа қазақтардың шайды жақсы көретінін айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ұлыбританияның ұлттық күні өтіп, салтанатты шараға ханзада Ричард арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



null

Әдеттегідей алдымен екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұрандары орындалды. Осыдан кейін Қазақстанның Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров құттықтау сөз сөйледі.

Вице-министр Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жылдың ішінде мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастық дамуының жоғары қарқыны орын алғандығын атап өтті. Ұлыбритания Қазақстанның сауда серіктестерінің үздік ондығына кіреді және тікелей инвестиция көлемі бойынша 6-шы орында тұр.

«Елдеріміз арасындағы мәдени байланыстардың да деңгейі жоғары екендігін атап өту керек. Қазақстан студенттері Ұлыбританияда білім алуда. Астана мен Алматыда британ мектептері бар. Елімізде британ әдебиетінің де танымал екендігін айта кеткен жөн. Шекспирді білмейтін бірде-бір адам,  Гарри Поттерді білмейтін бала жоқ. Ұлыбритания дәстүрді ұстанатын елдердің бірі саналады. Бұл ретте Қазақстан мен Ұлыбритания дәстүрлерінің бір-бірімен жақын екендігін атап өткен орынды. Британдықтар сияқты біз де шайды жақсы көреміз», - деді Ерлан Хаиров.

Өз кезегінде ханзада Ричард бірінші дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің 1951 жылы Лондонда өткендігін айтты.

«Бірінші көрменің алғашқы салтанатты ашылу рәсімі болғанына қармастан оған небәрі 25 ел ғана қатысты. Ал бұл көрмеге 100-ден астам елдің қатысуы - бұл Қазақстанның зор жетістігі. Біз Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шешімді алғашқылардың бірі болып қабылдадық», - деді ол.















Соңғы жаңалықтар