Гуманитарлық көмек: Семейден Аягөзге жүк көлігі аттанды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Семейден Аягөзге қала халқының атынан гуманитарлық қолдау ретінде жүк көлігі аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«НұрОтан» партиясының қалалық филиалынан құрылған қайырымдылық қорына жиналған азық-түлік пен киім-кешектер салынған жүк көлігі Аягөзге аттанды. Су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытқан жұрт қолдан келер көмектерін аямаған. Жергілікті билік өкілдері мен түрлі мекеме басшыларынан өзге қарапайым тұрғындар да қолдарынан келгенше көмек көрсетуге тырысқан. «НұрОтан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинованың айтуынша, бұл көмек көрсетудің соңы емес, бүгінгі күнге дейін де зардап шеккен жерлестерімізге көмек жөнелтілген.
null 

«Біз жерлестеріміздің жағдайына бей-жай қарай алмаймыз. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қолымыздан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгін міне тағы көмек жіберіп отырмыз. Ұн, картоп, май, макарон өнімдері және өзге де азық-түліктер мен киімдерді өз қажеттеріне жаратып, жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін сезінсе дейміз. Біз қолдау көрсеткен барша қалалықтарға алғыс білдіреміз», - деді Зульфия Жамалтдинова.
null 

Айта кету керек, арнайы ашылған есеп-шотқа да  қаржылай көмек беріп жатқандар көп. Мысалы, Семей қалалық мәслихатының депутаттары Әсетқан Досқұжанов пен Қайрат Мирашев әрқайсысы 100 мың теңге, ал Жанат Молдағалиева 50 мың теңге аударыпты. Сондай-ақ, Семей медцина университетінің  және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалының қызметкерлері  бір күндік жалақыларын аударған.
null 

Соңғы жаңалықтар