Григорий Дрозд: Санчес Головкиннің талантын аша түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -WBC тұжырымы бойынша  бірінші ауыр салмақтағы чемпион Григорий Дрозд (40-1, 28 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді аса қабілетті боксшы деп санайды. 

«Абель Санчес Геннадийдің дарынын тауып, оны ашты. Оның шеберлігін шыңдады. Генаның мықтылығын арттырды. Геннадий мен Джейкобстың жекпе-жегіне тәнті болдым. Қарсыласы құлаған кезде Головкиннен  осыншалықты тегеурін мен қажырлықты күтпедім. Гена даусыз жеңді. Судьяларға ризамын, әділ шешім шығарды. Әрине, Ковалев, Ломаченко, Головкин сияқты адамдар - бүгінде әлемдік бокстың жұлдыздары. Олар ірі айқастар өткізіп, қыруар ақша табуда. Жаңа чемпиондардың жаңа толқындары», - дейді Григорий Дрозд.

Соңғы жаңалықтар