Гомес: GGG-Канело реваншы бойынша 2 маңызды мәселе қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotion президенті Эрик Гомес Головкин мен Альварес арасындағы реваншқа қатысты екі мәселенің қаншалықты маңызды екенін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз келіссөздерді аяқтауға жақынбыз. Келісімнің екі тармағы ғана қалды. Біз оны әлі талқылап жатырмыз. Бірақ кез келген жекпе-жекте дәл осы екі тармақ үлкен маңызға ие. Ол детальдар жекпе-жектің өтпей қалуына да себеп болуы әбден мүмкін. Дегенмен, біз жақынбыз, ақырындап жылжып келеміз. Том Леффлермен үнемі байланыстамын. Біз қолдан келетінін істейміз. Бірақ бізге абайлап әрекет ету керек», - деді Э.Гомес Sports сайтына берген сұxбатында. 

Ал Том Леффлердің сөзіне қарағанда, соңғы шешімді Геннадий Головкиннің өзі қабылдайды. Себебі ол соңғы шарттарға өз келісімін беруі керек.

«Біз Golden Boy-дың соңғы шарттарына келісеміз бе, жоқ па, соны пысықтау қажет. Енді, реванш болады деп нақты айта алмаймын. Дегенмен, Эрик Гомеспен сөйлестім, үнемі байланыстамыз. Біз келісімді аяқтауға жақындап қалдық. Алайда ондайда бәрін келісіп, қол қоймасаң, неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Келіссөздерді аяқтамайынша реваншты жариялай алмаймыз», - деп атап көрсетті Т.Леффлер.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те реваншқа қатысты өз ойын білдірді. Оның ойынша, қазіргі кезде келіссөздерге жекпе-жекті өткізу орны мен гонорарды бөлісу сияқты екі мәселе кедергі жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар