Головкиннің жекпе-жектеріне видеосараптама жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BDA Boxing YouTube-арнасы мексикалық «Канеломен» жекпе-жек алдында қазақстандық Геннадий Головкиннің әлсіз және мықты тұстарына сараптама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы Головкиннің алдыңғы жекпе-жектерін мысалға келтіре отырып, боксшының аралықты жылдам қысқартып, қашықтықты қиып өте алатынын түсіндірген.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лос-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Геннадий орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын тігеді. Сауль болса The Ring журналының нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін бәске қойды.

Соңғы жаңалықтар