Головкиннің медальдары мен жүлделер жиынтығы көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Головкиннің медальдары мен жүлделер жиынтығы көрсетілді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Boxing Exposure порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) медальдары мен наградалар коллекциясын көрсетті.

«Орта салмақтағы король Геннадий Головкиннің медальдар жиынтығы (The medal collection of Middleweight King Gennady Golovkin)», - деп жазылған фотоның сипаттамасында.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 37 кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жетті, оның 33-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» сарайында  американдық Дэниэл Джейкобске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, өз белбеулерін қорғап қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар