Головкинге «Канелодан» кейін жекпе-жек өткізуге болатын 9 боксшы ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сайты WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жектен кейін бірқатар қарсыласты ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Бұл «Канеломен» реванш ретінде, сондай-ақ Билли Джо Сондерспен, Андре Уордпен, Дэниэл Джейкобспен, Джермалл Чарломен, Давид Лемьемен, Джордж Гроувзбен, Джеймс Дигейлмен, Каллум Смитпен немесе Хильберт Рамиреспен жекпе-жектер болуы мүмкін», - делінген сайтта.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар