Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде үшінші орынды сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы жазатын танымал The Ring журналының сайты әлем боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Үздік он боксшының тізімінде америкалық Андре Уорд көш бастаған. Екінші орында ресейлік Сергей Ковалев болса, ал үздік үштікті қазақстандық боксшы Геннадий Головкин түйіндеп тұр:

1. Андре Уорд

2. Сергей Ковалев

3. Геннадий Головкин

4. Роман Гонсалес

5. Теренс Кроуфорд

6. Василий Ломаченко

7. Гильермо Ригондо

8. Сауль Альварес

9. Шинсуке Яманака

10. Наойя Иноуэ. 

Соңғы жаңалықтар