Головкин салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин Альвареспен келісе алмаса салмақ дәрежесін өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

WBA/WBC/IBF дәрежелері бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес егер Сауль Альвареспен келісе алмайтын болса, тәлімгерінің салмақ дәрежесін ауыстыратынын айтты.

«Егер ол белбеулердің барлығын жеңіп алатын болса, оған осы салмақта қалудың ешқандай да қисыны жоқ. Егер биылғы жылдың маусым айына жоспарланып отырған Билли Джо Сондерспен болатын кездесуде жеңіске жететін болса, Гена тек алдыға жылжи береді. Ал, Альвареспен келіссек келістік, келіспесек екінші орта салмаққа ауысамыз»,-деп келтіреді Санчестің сөзін Boxing News 24.


Соңғы жаңалықтар