Головкин мен Альварестің дәл тигізген соққылары есептелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube желісіндегі «Artorias Boxing» арнайы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінде дәл тиген соққыларды есептеп шығарды. Бейнебаянға сәйкес, GGG айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл тиген соққылардың ара қатынасы 181:82 болып шықты. Атап айтқанда, 1-ші раунд - 8:8, 2-ші раунд - 11:8, 3-ші раунд - 10:9, 4-ші раунд - 16:6, 5-ші раунд - 17:5, 6-ші раунд - 15:6, 7-ші раунд - 15:4, 8-ші раунд - 21:6, 9-ші раунд - 13:5, 10-ші раунд - 25:12, 11-ші раунд - 13:4 және 12-ші раунд - 17:9. Осылайша, екі боксшы тек бірінші раундта ғана тең түссе, қалғаны қазақстандық боксшының үлесінде.

Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мексикалық - Сауль «Канело» Альвареспен тең түсті . Дәл осы шешіммен жанкүйелер де, сарапшылар да келіспей отыр. Әсіресе, Альвареске 118-110 есебімен жеңіс беріп қойған Аделаида Бердтың есебіне наразылық қатты. 

Соңғы жаңалықтар