Головкин ең табысты P4P-боксшылар тізімінде екінші орында тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты pound-for-pound боксшылар рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий америкалық Андре Уордты үшінші орынға сырғытып, өзі бір саты жоғары көтерілді. Көш бастап тұрған мексикалық Сауль Альварес өз орнында қалды.

Бұл рейтинг 18 наурызда өткен Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен бұрын жаңартылғанын атап өткен жөн және тізім болашақта өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Forbes нұсқасы бойынша үздік бокс «манимейкерлерінің» ТОП-ондығы:

1 (1). Сауль Альварес

2 (3). Геннадий Головкин

3 (2). Андре Уорд

4 (6). Владимир Кличко

5 (5). Мэнни Пакьяо

6 (7). Кит Турман

7 (4). Сергей Ковалев

8 (8). Деонтей Уайлдер

9 (10). Василий Ломаченко

10 (-). Эдриэн Бронер.

Соңғы жаңалықтар