Головкин-Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады, хабарлайды Sports.kz.

Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген.

Бұдан тыс, тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа - Владимир Кличко және Кит Турман - Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын.

Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде келіссөздерге кіріскен. 

Соңғы жаңалықтар