Голливуд актері Николас Кейдж трюк орындау кезінде аяғын сындырып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгариядағы "211" фильмінің түсірілімі кезінде голливудтық актер Николас Кейдж аяғын сындырып алды. Әртіс Софиядағы Бояна киноорталығында трюк орындап жатқанда жарақаттанды, деп хабарлайды Maritsa жергілікті басылымы.

Кейдж өзінің жаңа фильмінде полицейдің рөлін сомдайды. Ол Болгарияға шамамен үш апта жұмыс жасау үшін сәуір айының ортасында келген болатын.

Кейдж жатқан Әскери-медициналық академиясы клиникасының дәрігерлері оған шұғыл ем қабылдауды ескертті. Алайда, әртістің жеке дәрігерімен кеңесе отырып, оны жедел түрде АҚШ-қа жіберу туралы шешім қабылданды. Жуық арада актерға Лос-Анджелесте ота жасалады. 

Соңғы жаңалықтар