Гималайда адасып қалған тайвандық 47 күннен кейін аман табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 47 күн бұрын Гималайда жоғалып кеткен тайвандық Лян Шэн-Юэ тірі табылды, деп хабарлады The Guardian.

21 жастағы саяхаттаушы мен оның құрбысы 19 жастағы Лю Чен-Чун 10 наурызда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Демалыста жүрген олар қарлы боранда қалып қояды. Ықтап жүріп олар жақын ауылға жетуге үміттеніп, беткей бойынша өзен жағасымен жүріп отырған. Сөйтіп тұйыққа тірелген.

Олар байланысқа шықпаған соң, ата-аналары іздей бастайды. Жігіттің әкесі Непалға ұшып келіп, тікұшақты жалға алып, оларды іздеуге шығады. Іздеу шаралары екі аптаға созылады және сәтсіз болады.

Жас жігітті құтқарушылар Типлинг ауылы маңынан теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте тапты. Құрбысы Лян Шэн-Юэ құтқарушылар келмей тұрып, үш күн бұрын қайтыс болған.

Associated Press азық-түлік екеуіне бірнеше күнге ғана жеткенін айтады. Содан кейін жастар тұз, қар, сумен қоректенген. 47 күнде жігіт 30 келі жоғалтқан. Оның басы биттеп, аяғы құрттай бастаған. Соған қарамастан, дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалауда.

Соңғы жаңалықтар